"Тұран көшет питомнигі" — бұл Арал қаласында жел және күн энергиясы арқылы минералданған жер асты суларын тұщытып, экологиялық апат аймағын жасыл оазиске айналдыруға бағытталған бастама.
Жобаны іске асырушы:«Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі
Қолдаушы ұйым:Жаһандық Экологиялық Қордың Шағын Гранттар Бағдарламасы (ЖЭҚ Шағын Гранттар Бағдарламасы/Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы) — Жергілікті қауымдастықтарды тұрақты даму жолына қолдайды.
«Тұран көшет питомнигі» жобасы Мәселе:▪ Арал қаласы жартылай шөлейт аймақта орналасқан.
▪ Жер асты сулары — тұзды, минералданған, бірақ тұшыту арқылы пайдалы ресурсқа айналуы мүмкін.
▪ Экожүйе мен адам денсаулығына қауіп төндіруде.
Мақсат:● Минералды суды тазалап, көшет питомнигін сумен қамту.
● Қала ішінде жасыл белдеулер құру
● Тұрғындарға, мектептерге көшет тарату
● Жел мен күн энергиясы арқылы суды тазартатын экотехнологияларды енгізу
Жобаның негізгі компоненттері:▪ Күн энергиясы – Солар панельдерімен суды тұшыту;
▪ Жел энергиясы – Қосымша қуат көзі ретінде
▪ Питомник – Жергілікті климатқа бейім ағаш көшеттері
▪ Су айналымы – Жабық экожүйелік су басқару
▪ Тәжірибе алаңы – Мектептер мен қоғамдастықтарға оқыту, тарату
Жобаның әсері мен нәтижесі:▪ Ауаның сапасын жақсарту
▪ Жыл сайын СО₂-ні сіңіру (тоннамен)
▪ Қала ішінде көлеңкелі, таза жасыл аймақтар
▪ Жергілікті халықтың экосана-сезімін арттыру
▪ Оқушылар мен жастардың жобаларға қатысуы